Маңғыстау облысындағы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ГМ-172/10 мекемесінде теологтар, облыстық дін істері басқармасы мен "Ақниет "ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы" қоғамдық қорының өкілдері жазасын өтеп жатқандарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ҚКО-ға сілтеме жасап.
- Бүгінгі кездесудің басты мақсаты - ұлттық рухты нығайту, қазақ дәстүрлерін, құндылықтарын насихаттау, сондай-ақ жанжалдардың және басқа да жағымсыз факторлардың алдын алу, - дейді мекеменің инспектор-теологы Серік Болатбеков.
Мамандар діндарлар мен олардың айналасындағы адамдарға кез келген көмекті көрсетуге дайын екенін білдірді.
"Ақниет" қоғамдық қоры мамандарының айтуынша, мекеменің теологтары мен психологтары оларға рухани тұрғыдан қиын жағдайға тап болған адамдардың жайымен жүгінсе болады.
Іс-шара соңында сотталғандар осы тақырып бойынша өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, тұшымды жауап алды.