19 мамырда «Жас құтқарушы» облыстық слеті өтті. Барлығы 8 команда қатысты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Маңғыстау облысы ТЖД бастығы полковник Мұрат Сейтмолдаұлы Мұханов сөз сөйлеп, слетті ашты.
"Осы жарыста өздеріңізді толық көрсете білуіңізге тілектеспін! Сіздердің нәтижеге ешқандай психологиялық қысым, сыртқы факторлар әсер етпесін! Сонда ғана сіздер міндетті түрде мақсатқа жетесіздер!» -деді ол.
Слет жеңімпаздары және жүлдегерлері мақтау қағаздары және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Слет қорытындысы бойынша 1-орынды Маңғыстау ауданының командасы алды, 2-орынды Түпқараған ауданының командасы иеленді. Ал 3 орын Мұнайлы ауданының командасына бұйырды.