6 мамырға қараған түні қатты жаңбырдың салдарынан Жаңаөзен қаласының шағынаудандарының тұрғындарынан "112" нөміріне көптеген қоңыраулар түсе бастады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
8 аула, екі тұрғын үй, 3 көше және 1 жалпы білім беретін мектеп суда қалды. Қазіргі уақытта Жаңаөзен қаласының ТЖБ Жаңаөзен қаласының ЖАО-мен бірлесіп, ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ Жаңаөзен қаласының №3 өрт сөндіру бөлімінің коммуналдық қызметтерінің арнайы техникаларын және су айдау құрылғыларын (мотопомпалар) тарта отырып, жаңбыр суларын сору бойынша жұмыс жүргізуде. Жаңбыр суларын соруға: ТЖД-дан 16 қызметкер, 1 бірлік техника және 3 мотопомпа; коммуналдық қызметтерден 17 қызметкер және 12 бірлік техника жұмылдырылды