© Фото "На дорогах Актау" инстапарақшасынан алынды
Ақтауда сағат 02.30-да 5 және 8 шағынаудандардың қиылысында патрульдік көлік пен Hyundai Accent көлігі соқтығысты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға салдарынан зардап шеккен екі адам облыстық ауруханаға жеткізілді. Олардың бірі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілсе, екіншісі ауруханаға жатқызылды.
«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Автотехникалық сараптама тағайындалды. Тергеу мүддесіне қатысты басқа ақпарат жарияланбайды», - деді полицияның баспасөз қызметі.