Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Баяндыда қоқыс полигонындағы өрт сағат 9.00-де сөндірілді.
Полигон «Маңғыстау жылу» мемлекеттік кәсіпорнына қарайды. Өрт 800 шаршы метрді шарпыды.
Қоқыстарды жоюға ТЖД-нен 6 қызметкер, 2 бірлік техника, «Маңғыстау жылу» МКК-нан 8 қызметкер, 4 жүк тиегіш, 4 КамАЗ жұмылдырылды.
Қазір оқиға орнында өрт сөндірушілер кезекшілік етуде.