Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларын табыс етті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Он ана «Алтын алқа» алса, 11 ана «Күміс алқа» төсбелгісімен марапатталды.
– Жас ұрпақ тәрбиесінде ананың орны ерекше. Осы сәтті пайдаланып, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілеймін. Ел дамуына қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айтамын, – деді Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай.
Айта кетейік, туу көрсеткіші бойынша көш бастап тұрған Маңғыстау облысында батыр аналар қатары жыл сайын артып келеді.