Ақтау қаласының әкімі Қилыбай Нұрдәулет Игілікұлы «Абай» мәдени-демалыс кешенінде қала тұрғындары алдында 2021 жылы атқарған жұмыстар бойынша есеп береді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ақтау қаласы әкімдігінің айтуынша, есеп беру кездесуге жоғары және төменгі шағынаудандар үшін екі күн қарастырылған. Ертең, 21 сәуір күні қаланың төменгі аймағы, ал 22 сәуір күні жоғарғы аймақ тұрғындарымен кездеседі.
Қала әкімінің есеп беру кездесуі сағат 11.00-де басталады.
Сонымен қатар, барлық сұрақтар мен ұсыныстарыңызды және ескертпелеріңізді aktau.gov.kz сайтындағы қала әкімінің блогына, infoaktau@mangystau.gov.kz электрондық поштасына, сондай-ақ төмендегі көрсетілген орындарға орнатылған арнайы жәшіктерге салу арқылы жолдай аласыздар.