Қабылдауға тұрғындар жұмыспен қамтамасыз ету, тұрғын үй және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелеріне қатысты сұрақтармен келді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
20 сәуір күні таңғы тоғыздан бастап Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың жеке қабылдауы өтуде. Сондай-ақ, ашық қабылдау аясында облыс тұрғындары қала әкімі Нұрдәулет Қилыбаймен, облыстық басқарма басшыларымен және аудан әкімдіктерінің өкілдерімен кездесті.
Қабылдауға жазылған әрбір тұрғынның жеке мәселелері бойынша құжаттар толтырылып, орындалуы бақылауға алынды.