Ақтау қаласындағы 7-шағынаудандағы 12-үйдің тұрғындары облыс әкімінің телеграм-каналы арқылы бірінші қабатта орналасқан дәмхананың жұмысын айтып шағымданды. Әкімдік қызметкерлері ескерту жасап, мекеме басшылығымен әңгімелесті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстың ҚКО-ға сілтеме жасап.
Облыс әкімінің телеграм-каналында тұрғындар бірінші қабатта орналасқан «Native Burger» дәмханасының мазаны алатынын айтты. Шудан әсіресе кафеге іргелес орналасқан пәтерлер тынышы кетеді. Тұрғындардың айтуынша, дәмхана түн ортасына дейін жұмыс істейді. Оның үстіне кафеде санитарлық талаптар толық сақталмағандықтан, тұрғындардың пәтерлерінде тарақандар пайда болуда.
Қолданушының шағымына Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары жауап берді.
Айтуларынша, әкімдік кәсіпкерлік субъектісінің басшысына түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Әңгімелесу барысында дәмхана иесі ескертулерді ескеріп, аталған заң бұзушылықтарды жою үшін барлық шараны қабылдауға уәде берді.
- Тұрғындар Ақтау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына мына мекен-жай бойынша хабарласуы керек: Ақтау қаласы, 3«б» шағынауданы, 46-ғимарат(телефон 8 (7292)50-51-46). Ведомство мамандары пәтерлердегі жағдайға зертханалық сараптама жүргізеді және параметрлер асып кеткен жағдайда олар сотқа жүгіне алады, - деп хабарлады әкімдік мамандары.
Бүгінгі таңда 9,5 мыңға жуық адам тіркелген тelegram каналына 5715 сұрақ келіп түсті, олардың 5688-іне жауап берілді