«Сенім» медициналық клиникасы 2016 жылғы 1 қыркүйекте бастап өз жұмысын бастады. Орналасқан мекен-жайы: 29а ш/а, 71,71/1 ғимарат және 30ш/а 1/1 ғимарат. 2017 жылдан бастап халықты тіркеу арқылы алғашқы медициналық санитарлық көмек Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша көрсетуде.
Бүгінгі күнде емханамыз 32 459 тіркелген халыққа қызмет көрсетуде.Амбулаторлық-емханалық көмек көрсететінбөлімшелеріміз:
1.Медициналық санитарлық алғашқы көмек
2.Кәсіби бөлім (ақылы қызметтер)
3.Стационар (тәуліктік)
4.Күндізгі стационар
5.Оңалту орталығы
Клиникамызда келесідей мамандар қызмет көрсетеді: терапевт, жалпы тәжірибе дәрігері, эндокринолог, педиатр, ревматолог, хирург (балалар, ересектер), маммолог, гастроэнтеролог (балалар, ересектер), невропатолог (балалар, ересектер), травматолог, гепатолог (ересектер),кардиоревматолог, уролог, реабилитолог, ЛОР (балалар, ересектер), логопед, онколог, дефектолог, психолог, ЛФК инструктор, профпатолог, психиатр, окулист (балалар, ересектер), лаборант, кардиолог (балалар, ересектер), онкохирург-маммолог, гинеколог, массажист, Фтизиатр,Узист, Стоматолог (балалар, ересектер), Рентгенолог, Физиотерапевт (балалар, ересектер), эрготерапевт, нефролог.
Клиникамыз заманауи аппараттармен жабдықталған: физиотерапиялық аппараттар, рентген аппараты, флюорография, стоматология кабинеті, УЗИ/УЗД (жүрек қан-тамырлары, 5G соңғы үлгі), УЗИ/УЗД (іш құрылысы), УЗИ/УЗД (гинекология) (5G соңғы үлгі), ЭКГ, холтер, КТГ доплер, ЭЭГ, ЭХОКГ, зертханалық аппараттар, офтальмологиялық аппараттар, ЛОР комбайн.
Біздің клиникамызда барлық медициналық қызметтер медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде көрсетіледі.
Клиникамыздың бір бөлімшесіне тоқтала кетсек. Мысалы, оңалту орталығы 2020 жылы бастап жұмысын бастап, қаншама пациенттер өз денсаулығын оңалтып, жақсартуда. Оңалту орталығына жатып ем қабылдап жүрген пациенттердің алғысы көп. Соның бірі Альжанова Нұржамал деген пациент туралы айта өтсек.
Пациент Альжанова Нұржамал зейнеткер, 2019 жылдың қараша айынан бастап «Артериальды қысым және ми инфаркты» диагнозымен диспансерлік есепте тұрады.Зейнеткерлер жеңілдікті санатқа жататындықтан олар медициналық қызметтерді МӘМС есебінен тегін алады.
2020 жылғы қаңтар мен ақпан айларының аралығында «Сенім» медициналық клиникасының оңалту орталығында«Сол жақ ортаңғы ми артериясындағы ишемиялық инсульттен кейінгі кеш қалыптасу кезеңі. Оң жақ гемипарез, дизартрия. Артериальды қысым 3 ст 4 риск» диагнозымен кеш оңалту еміне Нұржамал апа жатып, МӘМС бойынша тегін ем қабылдаған. Қабылдаған емдері: емдік-дене шынықтыру, оң жақ аяқтың массажы, оң жақ аяққа магнит қою, оң жақ аяққа парафин қою, эрготерпия. Ем жақсарумен аяқталған: динамикасында оң жақты гемипарез төмендеген, өз бетінше қозғалады. Содан кейін 2020 жылы тамыз бен қыркүйек айлары аралығында 2-оңалту және 2022 жылғықантар айында 3-оңалту еміне келіп, ем қабылдаған. Ақпанайында да 4-оңалту емін қабылдады. Пациентке барлық көрсетіліп жатқан медициналық көмектер, ем-шаралар МӘМС арқылы көрсетілуде.
Біздің клиниканың барлық пациенттері жүргізілген емге риза және "Сенім" клиникасының медицина қызметкерлеріне алғыс білдіреді.
«Сенім» ЖШС клиникасының әкімшілігі.