© Фото-скриншот @zhanaozen_online алынды
Бүгін жаңаөзендік жұмыссыз тұрғындар қалалық әкімдік ғимаратының жанына жиналды. Олар аштық жариялап, «Өзенмұнайгаз» АҚ-на жұмысқа орналастыруды талап етіп тұр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Аштық жариялаған 19 адам жалпы кезекті айналып өтіп, «Өзенмұнайгаз» АҚ-на орналастыруды талап етуде. Бұл дұрыс емес, себебі басқа жұмысқа үміткерлер үшін әділ болмайды», - деп түсіндірді Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, биыл Жаңаөзенде 2 570 адам жұмыспен қамтылады.
«Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр. Мұнай-газ саласында облыс тұрғындарының барлығын бір мезгілде жұмыспен қамту мүмкін емес. «Өзенмұнайгаз» құрылымында жұмысқа қабылдаудың белгілі алгоритмі бар», - деп атап өтті баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, әкімдік қала тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындарын ашу шаралары кезең-кезеңімен орындалатынын атап өтті.