«Лига А Dance» би-спорт клубының тәрбиеленушілері елордада өткен «Нұр-Сұлтан чемпионаты-2022» ел чемпионатынан жүлделі оралды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
"Қойылым сәтті өтті, спортшыларымыз биде жақсы көрсеткіш көрсетті. Гауһар Амангелді мен Әдел Ақшабаева екі алтын алса, Мәриям Түгелова күміс пен қола жүлдені еншіледі, – дейді клуб жетекшісі Вячеслав Хмелев.
Қазір спортшылар жазда Көкшетау қаласында өтетін жарысқа дайындықты бастап кетті.