Боранқұл ауылында салынып жатқан спорт нысаны жыл соңында аяқталып, пайдалануға беріледі, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Бейнеу аудандық құрылыс бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Құлбек Медетовтың айтуынша, нысанның құрылыс аумағы - 995.40 шаршы метр. Екі қабаттан тұратын спорт кешенінде түрлі спорт түрінен жаттығуға мол мүмкіндік болады.
"Қазіргі таңда конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаз мердігер мекеме "Нұр Құрылыс болашақ" өз жұмысын жүргізуде. Спорт кешені "Ауыл-Ел бесігі" бағдарламасы аясында бой көтеріп жатыр", - деді Құлбек Медетов.