Маңғыстаулық жастар қаладағы Тарас Шевченко саябағына 40 қалқан жапырақты тал отырғызды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты МО Жастар ресурстық орталығына сілтеме жасап.
Шараның мақсаты - қаланы көгалдандыру, жасыл-желекпен әсемдеп, табиғатқа жанашырлық таныту.
Аталған шараға Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қатысып, жастармен бірге тал екті.
Айта кетейік, тал егу үшін орынды Ақтау қаласы әкімдігі таңдап берді.
Жалпы саябаққа 90 қылқан жапырақты тал егілді. Жастардан бөлек тал егуге Қазақстан Халқы Ассамблеясы мүшелері атсалысты.
Көгалдандыру жұмыстары «Mangystau Nauryz Fest – 2022» жастар фестивалі аясында Ақтау қаласы әкімдігінің және Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өтті.