Ақтауда 16, 17 наурыз күндері мерекелік концерт өтеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Бүгін, 16 наурыз күні "Ақшағала" этно-фольклорлық ансамблінің "Амал келді - жыл келді" атты концерті болады.
Мерекелік бағдарлама М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясында сағат 19:00-де басталады.
Ал 17 наурыз күні 5 шағынауданда орналасқан филармония залында Атырау облыстық филармониясының құрылғанына 55 жыл толуына орай Қаршыға Ахмедияров атындағы "Нарын" халық аспаптар оркестрі мен филармония артистерінің концерттік бағдарламасы өтеді.
Концерт сағат 19:00-де басталады. Кіру - тегін.