Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев айтты. Көрсеткішті өткен жылдармен салыстырғанда келушілердің саны 2,1 есеге артқан, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Қазіргі таңда облыстың туризм саласының даму үрдісі жақсы. Салада көрсетілген қызметтер көлемі 5,7 млрд теңгені құрап, 69%-ға өсті», - деді облыс әкімі.
Сондай-ақ аймақ басшысы аймақты дамыту жұмыстарының қарқынды жүріп жатқанын атап өтті.
«Ақтау қаласының жағажайындағы курорттық аймақты дамытудың 2-кезеңі аясында 5 ірі жобаны іске асыру қарқынды жүргізілуде. Нәтижесінде 95 млрд. теңгеден астам инвестиция тарту арқылы 326 жұмыс орны ашылды», - деді Нұрлан Ноғаев.