2021 жылы өңірде өңдеу өнеркәсібін дамыту саласындағы өндіріс көлемі 1,7%-ға артты. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Облыс әкімінің айтуынша, Маңғыстау облысы былтыр негізгі макрокөрсеткіштердің оң динамикасына қол жеткізді. Өндіріс көлемі 183 млрд теңгеге жеткен.
«Мысалы, мұнай өңдеу өнімдерін өндіру – 3,8%, фармацевтикалық өнімдер – 28,5% және металлургия өнеркәсібі – 6,6% өсті. Бұл салада жалпы құны – 19,4 млрд. теңге болатын 10 инвестициялық жоба іске асты», - деді облыс әкімі Н.Ноғаев.
Соның нәтижесінде жаңадан 600-ден астам жұмыс орны құрылды.