Жаңаөзендегі «Қазақ Газ Өңдеу зауытына» қызмет көрсететін «Каспий Пром Снаб» серіктестігінің жұмысшылары да наразылыққа шықты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
2017 жылы құрылған компания ірі газ зауытын мамандармен қамтамасыз етеді. Газ зауытының өз қызметкерлерімен бірдей жұмыс істейміз, сондықтан «Каспий Пром Снаб» жұмысшыларын зауыттың штаттық бірлігіне ауыстырсын дейді. Өйткені аутстаффинг компания болғандықтан серіктестік бір күнде құлдырап кетсе далада қаламыз ба деп алаңдайды. Ал Жаңаөзен қаласының әкімдігі осы талаппен бас көтерген серіктестің 100-ге жуық қызметкерімен келіссөз жүргізіп жатыр екен.
Қала әкімідігі тарапынан бұл арыздың нақты жауабын алу үшін «КаспийПромСнаб» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылығына және «Қазақ газ өңдеу зауытының» дирекциясына жолданып, жауабы келген жағдайда қосымша хабарланатын болады, - деді Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Жаңабай Аймағанбетов.