Облыс әкімдігінің телеграмм каналы - аймақтың әр түкпірінде тұратын тұрғындардың өздерін мазалаған проблемалары туралы сауалдарын қойып, шағымдарын айтып, қоғамдағы түйткілді мәселелердің оң шешілуіне ықпал ететін алаңға айналды. Күні кеше Қызылтөбе ауылының тұрғыны аталған ауылда 2021 жылы көгалдандыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Елтизаровтың атына сауал жолдаған болатын. Желі қолданушысының сұрағына аудан әкімдігі жедел жауап берді, деп хабарлайды Маңғыстау облысы қоғамдық коммуникация орталығы. Жауаптылардың мәліметінше, Қызылтөбе ауылдық округі аумағында 2021 жылы көгалдандыру жұмыстарын «Қазақ соқырлар қоғамы» мен «Маңғыстау» қоғамдық бірлестігі жүргізген. Яғни, атап айтқанда «Жастар» саябағына 100 көшет отырғызып, орталық алаңға 5 шырша еккен. Биыл көктемде өспей қалған шыбықтар қайта егіледі екен. Оған жауапты мекеме ресми түрде кепілдік хат берген. Сондай-ақ, саябақ аумағында отырғыштар мен урналар реттеліп, боялып, әжетхана орнатылған. Егілген көшеттерге табиғи тыңайтқыштар себілген, дейді Мұнайлы ауданы әкімдігінің мамандары.
СНХ: Мадина Мазанова, МО ӘА «Қоғамдық коммуникация орталығы» КММ әлеуметтік желімен жұмыс бөлімінің маманы
-Қызылтөбе ауылының тұрғыны жолдаған сауалға Мұнайлы ауданының әкімдігі жедел жауап қайтарды. Ауылда көгалдандыру бойынша жасалып жатқан біршама жұмыстар айтылды. Сауалына жауабын алған тұрғын рақметін айтты. Жалпы облыс әкімдігінің телеграм каналы тұрғындардың қордаланған мәселесін айтып, жауабын алатын алаңға айналған. Бүгінгі таңда облыс әкімдігінің телеграм каналына 3710 сұрақ келіп түсті. Оның ішінде 3686 сұраққа жауап берілді. Телеграмм каналға 8 878 адам тіркелген.