Әлеуметтік желіде “Montana” түнгі клубында әжетханада жыныстық қатынаста болған жастардың видеосы таратылды. Хабарламада қыз өз өзіне қол жұмсап қайтыс болды делінген.
Маңғыстау облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Әйгерім Ибатуллаеваның айтуынша, аталған ақпарат шындыққа жанаспайды.
-Әлеуметтік желіде таратылған видео “Montana” түнгі клубында болған деген ақпарат шықты. Алайда видео Ақтауда түсірілмеген. Аталған факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген жоқ. Қыздың өлімі бойынша ешкім полицияға арыз жазбаған. Құрметті тұрғындар, Маңғыстау облысының полиция департаменті мемлекеттік органдардың ресми ақпараттарына ғана сеніп, жалған хабарламаларға сенбеуге шақырады, - деді Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Әйгерім Ибатуллаева.