Маңғыстау облысы "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа өтті. Бұл туралы облыстың бас санитар дәрігері Ғазиз Надуев мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Кеше облыста коронавирус инфекциясымен 46 адам тіркелді. Бас санитар дәрігер Ғазиз Надуевтың айтуынша, Ақтау қаласынан 31 адам, Жаңаөзен қаласынан 3 адам, Мұнайлы ауданынан 7 тұрғын, Қарақияда 2 тұрғыннан ауру анықталған. Ал Түпқараған, Маңғыстау, Бейнеу аудандарынан 1 адамнан тіркелген.
Биыл 1 қаңтардан бастап облыста СOVID-19-бен 3 857 жағдай анықталды. Көрсеткішті өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ауру 11,8 есеге артқан.
Ал жыл басынан бастап 2 ақпанға дейін 3 903 жағдай тіркеліп отыр.
"Өткен 2 аптадағы, яғни 05.01.–18.01.22ж. аралығында короновирус инфекциясының 1 755 жағдайы тіркелді. Мұны 19.01. - 01.02.22ж аптамен салыстырғанда 1,2 есеге немесе 375 жағдайға өскені байқалады", - деді Ғазиз Надуев.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА