Ақтау көшелерінің бірінде көлікті 160 км/с жылдамдықпен айдаған тұрғын іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Әлеуметтік желіде көлік жүргізушісінің "160 керек пе қалаға, міне, қара, дайындал" деген сөздері жазылған видео тарап кетті.
Маңғыстау облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің айтуынша, жол ережесін бұзған жүргізушінің дерегі тіркелді. Бүгін тұрғынды іздеп, табатынын мәлімдеді.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Фото скриншот