Кеше республика бойынша 7 491 адамнан коронавирус анықталды. Оның ішінде 53 жағдай Маңғыстауда тіркелді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Бір тәулікте 12 080 адам жазылып шықты, оның ішінде Маңғыстауда 197 адам бар. Елде коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 15 жағдайы тіркелді, 2 адам қайтыс болды, 23 адам аурудан айығып кетті.