28-қаңтарда «Nur Otan» партиясының XXI Съезі өтіп, оның шешімі бойынша ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірауыздан «Nur Otan» партиясының Төрағасы болып сайланды.
Президенттің еліміздегі жетекші партия басшылығына келуі – оңтайлы өзгерістердің нышаны деген ойдамын. Ол партияның еліміздің басты саяси күш екендігін және «мемлекетшілер партиясы» болуы тиіс екендігін атап өтті. Алдағы уақытта «өңірлердегі өзекті әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуге партия мүшелерінің қатысуы күшейтілетіндігін» де ескертті.
«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық мәслихатындағы депутаты ретінде атқарылып келе жатқан жұмыстармен өздеріңізбен әрдайым бөлісіп отратынмын. Орын алған елеулі өзгерістен кейін сайлауалды бағдарламаларды іске асыруға батыл қадамдар жасалып, партияға деген көзқарас жақсарады деген үміттемін.
Президент сөйлеген сөзінде «Мемлекет жастарды жұмыспен қамту, білім беру және оқыту бағытында бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асыруда. Алайда, сауалнама нәтижелері көрсеткендей, жастардың көпшілігі олар туралы ештеңе білмейді. Бұл жағдайды түбегейлі өзгерту керек», -деді.
Yessenov University студенттері және өңірлік Jas Otan жастар қанатымен байланыс орнатылған. Кейбір ортақ шаралар университет қабырғасында ұйымдастрылып тұрады. Алайда бұл байланысты одан әрі күшейту керек деп есептеймін.
Университетті бітірген жастардың жұмысқа орналасуы – басты назарда. Сондай-ақ оқуға түсуге дайындалып жүрген мектеп оқушыларына ашық есік күндері, пәндік олимпиада, YU Debate Cup турнирлерінің жеңімпаздарына гранттар бөлу сынды ЖОО түсуге қосымша қолдау көрсетіледі. Бұл жұмыстардың ауқымы кеңейіп, алдағы уақытта жастарға тиімді жобаларды жүзеге асыруды жоспарлаймыз.
Yessenov University Президенті Ахметов Берік Бақытжанұлы