Бейнеу ауданы жаңа мединициналық кешенмен толықты. Бейнеулік тұрғын Нұрболат Сүлейменов «ND clinic» атты жеке клиника ашты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz Бейнеу ауданы әкімдігіне сілтеме жасап.
Кешеннің ашылу салтанатына аудан әкімі Бейнеубек Әбілов арнайы келіп, құттықтады. Сондай-ақ ауыл ақсақалдары, аудандық аурухананың бас дәрігері, Нұр-Сұлтан қаласынан келген жоғары санатты нефрологтар игі бастамаға сәттілік тіледі.
Емханада тұрғындар үшін хирург, педиатр, невропатолог дәрігерлер қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, емшара, ультра күлгінді қан тазалау кабинеті, сауықтыру массаждары сияқты медициналық көмек ұсынылады.
Бұл – туған жерге маңдай терім сіңсін деген ниетпен әрі Тәуелсіздіктің төл құрдасы ретінде ұсынған сыйым. Бүгінде клиникада 17 адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Алдағы уақытта кардиолог, лор, көз дәрігерлері кеңестерін беріп, ультра дыбыстық зерттеу аппараты іске қосылатын болады, - деді Нұрболат Сүлейменов.