Ақтауда жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейд жүріп жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
4 мамыр күні рейд барысында түнгі сағат 23.00-ден кейін 16 жасөспірімнің қала көшелерінде және 2 жасөспірімнің компьютер клубында жүргені анықталды.
Түнде заңды өкілінсіз жүрген кәмелетке толмаған 18 жасөспірім полиция бөліміне жеткізілді. ҚР ӘҚБтК-тің 442-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар жасақталып, ата-аналары жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ рейд барысында облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері мен тәртіп сақшылары жасөспірімдерге түсіндірме жұмысын жүргізді.