Жылыойлық «Жем аруы» би ансамблі Маңғыстау облысында Халықаралық би күніне орай өткізілген мәдени шарада өнер көрсеткен, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Жылыой ауданы әкімдігіне сілтеме жасап.
Бишілер сахнада өнер көрсеткен соң «Жем аруы» би ансамблінің жетекшісі Мағрипа Қопалқызы Маңғыстау жұртына Жылыой халқының ыстық лебізін жеткізді. Ол қиын кезеңде бауырмалдық таныта білген барша маңғыстаулыққа алғысын жаудырып, ризашылық білдірді.