Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары!
Қадірлі жерлестер!
Барлық православ христиандарын жарқын Пасха мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Ежелгі Пасха мерекесі мейірім мен ізгілікке үндейді, жаңару мен жағымды істер жасауға талпыныстың бірегей нышаны іспетті. Бұл мейрам рухани бірлікті, шынайы бауырластықты нығайтуға жол ашады.
Еліміздегі барлық діни сенім өкілдері секілді христиандар да ел бірлігін нығайтуға ықпал ететін этносаралық келісім мен конфессияаралық диалогтың бірегей үлгісін қалыптастыруға бағытталған бастамаларды әрдайым қолдайды.
Бейбітшілік пен келісім қағидаттарын басшылыққа ала отырып береке-бірліктің, парасат пен төзімнің арқасында біз елімізде тұрақтылықтың, тыныштықтың, келісімнің салтанат құруына атсалысамыз. Осынау мереке күндерінде барша маңғыстаулықтарға бейбітшілік, өркендеу мен амандық тілеймін!
Құрметпен,
Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев