26.11.2021 жылы «Nur Otan» партиясы жанындағы отбасы әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің отырысы өтті.
Аталған шараға «Nur Otan» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары З.Есбергенова, отбасы әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық кеңес төрағасының орынбасары Р. Жұмабекова, отбасы әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық кеңес төрағасының орынбасары Ш. Құрметова, облыстық мәслихат депутаттары А.Өрісбаев, А.Сүгірбай, Г.Тасболатова, білім басқармасы басшысының орынбасары Г. Мамаева, облыстық жұмыспен қамту, үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ж. Досполова және білім беру ұйымдарының директорлары қатысты.
«Nur Otan» партиясы жанындағы отбасы әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі Республикалық кеңес «Бақытты отбасы» жобасы аясында өңірдегі білім беру ұйымдары мен дәрігерлік амбулаторияларға бақылау жүргізген болатын. Сол мониторинг жұмыстары туралы баяндап, нәтижелерімен бөлісті.
Отбасы әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық кеңес төрағасының орынбасары Р. Жұмабекова Маңғыстау өңіріндегі білім беру ұйымдарына жұмысына оң баға берді. Бейнеу аудандық политехникалық колледжді республикадағы үздік колледж екенін айтты.
Сондай-ақ Бейнеу ауданындағы ауруханаға КТ апаратын алу мәселесін сұрады. Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары Р. Шалбаев КТ апаратын алуға қаржы қарастырылғанын, Бейнеу ауданында тексерудің нәтижесінде бірнеше жұмыс жасалғанын айтты.
Білім басқармасы басшысының орынбасары Г. Мамаева Бейнеу ауданындағы политехникалық колледж өткен жылы техникамен жабдықталғанын және ол техника тұрып қалмай, студенттердің тәлім алуы үшін үздіксіз жұмыс жасап отырғанын баяндады.
Облыстық мәслихат депутаты А.Өрісбаев мониторинг кезіндегі келісім бойынша облыстық арнайы мектеп-интернатына балаларды еңбекке баулу мақсатында екі тігін машинасын алып бергенін жеткізді.