Ақтауда медицина қызметкерлері арасында шахматтан облыстық турнир өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Турнирге облыстағы медицина мекемелерінен 17 қызметкері қатыты. Жарыс үш сағатқа созылды.
Нәтижесінде, 1-орынды облыстық психикалық денсаулық орталығы есептік есепшісі Сәндібек Жұмаділов, 2-орынды Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасы жансақтау және қарқынды терапия бөлімшесінің дәрігері Мирас Стуаниев, 3-орынды №3 Жаңаөзен қалалық емханасының жалпы тәжірибелі дәрігері Оразбек Атабай және 4-орынды №3 Жаңаөзен қалалық емханасының фельдшері Нұрсұлтан Бисенбаев иеленді.
Облыстық турнир жеңімпаздары шахмат турнирінің республикалық кезеңінде Маңғыстау облысының намысын қорғайтын болады. Шара соңында «Senim» кәсіподағының Маңғыстау облыстық филиалы төрелік еткен «Дебют» шахмат мектебінің директоры Анвар Шайхымовқа, сондай-ақ жарысқа қатысқан барлық қатысуға алғыс білдіреді.
Айта кетейік, турнир ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен өтті.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА