© Сурет МО Денсаулық сақтау басқармасынан алынды
Бүгін М. Өскінбайұлы атындағы филармонияда Халықаралық медбикелер күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік шарада үздік медбикелер анықталып, медицина саласының ардагерлері марапатталды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
Мерекелік шараға Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бекболат Ізбасаров, Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Нұртас Сали, "Amanat" партиясының төрағасы Нұрбек Қарасаев, “SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Қайратжан Бейсенов және облыстың денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары, ардагер медбикелер, әр жылдардағы облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпаздары қатысты.
Шараға қатысқан “SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Қайратжан Бейсенов ақ халатты абзал жандарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, жүрекжарды жылы лебізін білдірді. Бірқатар медбикеге “SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ төрағасы Сапарбек Дүйсеновтың төсбелгісін, Құрмет грамоталары мен Алғыс хатын салтанатты түрде табыстады.
Сонымен қатар Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Маңғыстау облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткен медбикелер арасындағы байқаудың жеңімпаздарын марапаттап, ақшалай сыйлық табыстады.
«Үздік ынталандыру» номинациясымен ШЖҚ МКК «МОФО» Айгүл Дарханбаева,«Үздік портфолио» номинациясымен ШЖҚ МКК «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» Гүлнар Бультекова, «Шығармашыл маман» номинациясымен ШЖҚ МКК «Мұнайлы аудандық ауруханасы» Жадыра Тағабергенова, «Ізденімпаз маман» номинациясымен ШЖҚ МКК «Ақтау қалалық 1 емханасы» Сәния Ихсатова,«Жаңашыл маман» номинациясы бойынша ШЖҚ МКК «Бейнеу аудандық ауруханасы» Перизат Сейлханова мараратталды. Мейірбикелерге 50 000 теңге ақшалай сыйақы берілді.
Байқауда «Жанаөзен қалалық емханасының» медбикесі Камажай Салкынбаева III орынға ие болып, “Үздік мейіргер” атанып, 10 000 теңге сыйақыға ие болды. Ал II орынды «Облыстық қан орталығының» медбикесі Асыл Қощанова қанжығалап, 20 000 теңге сыйақы берілді. I орынға ие болған «Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасының» медбикесі Сания Тасболатова ие болды, 30 000 теңге сыйақы берілді. Ал бас жүлдені «Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының» медбикесі Мадина Рахатова алды, 40 000 теңге ақшалай сыйақы табысталды.
Сонымен қатар команда бойынша III орынға ие болған «Иммунитет» тобы 20 000 теңге, II орынға ие болған «Адреналин» тобы 30 000 теңге және I орынға ие болған «Үміт» тобы 20 000 теңге ақшалай сыйақымен марапатталды.