© Сурет Ақтау қаласы әкімдігі парақшасынан алынды
Ақтауда Аналар күніне орай ұйымдастырылған шараға қатысқан көпбалалы ана Жанар Баймаханованың сырт келбетіне мамандар әдемі өзгеріс жасап, арнайы сыйлықтар табыстады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
39 жастағы ана бүгінде 7 баланы тәрбиелеп отыр. Оның үшеуі ерекше бала. Көпбалалы ана үйде бала күтімінде отырады. Былтыр ол қала әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен «Жүз ана» жобасына қатысқан. Бұл жобада ол тігін мамандығы бойынша білімін жетілдірді. Мамандардың көмегімен Жанар Баймаханованың сырт келбетіне әдемі өзгеріс жасалды. Көпбалалы анаға жергілікті кәсіпкерлердің атынан киім мен аяқ киім сыйға берілді. Жанар Баймаханова ұйымдастырушыларға алғысын айтты.
- Аналар күнінде мамандар менің сырт келбетіме өзгеріс жасап, сыйлықтар табыстады. Осы мерекеде мені қуантқан Ақтау қаласы әкімдігіне, шараға қолдау көрсеткен кәсіпкерлерге алғысымды айтамын. Барлық ана бақытты болсын, - деді Жанар Баймаханова.