Ақтауда бүгін және ертең уақытша жол жабылады. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«13 шағынауданның қосымша кірме-шықпа жолына жөндеу жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты бүгін сағат 15:00-17:00-ге дейін жол уақытша жабылады. Ертең, 25 қараша күні сағат 9:00-18:00 аралығында асфальт жабынын төсеу үшін жол уақытша жабылады», - делінген хабарламада.
