Ш.Есенов атындағы университетінің студенттері 1 желтоқсаннан бастап онлайн оқу форматына көшеді деген ақпарат жалған. Бұл туралы Ш.Есенов университетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жоғары оқу орнындағы оқудың онлайн өткізілетіні жөніндегі хабар әлеуметтік желіде тарады. Университеттің баспасөз қызметі студенттер оқуды офлайн жалғастыратынын хабарлады.