© Фото видеодан скриншот
5 шағынаудан тұрғындары 21 үйдің артында құрылыс басталғанын, қоршалған жерде ағаштардың кесілгенін айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
5-21 тұрғындары кесілген ағаштардың қурамағанын айтып отыр.
«Жан айқайымыз - осы. 5 шағынаудан 21-үй артында тағы бір құрылыс алаңы қоршаумен қоршалған. Ал үйдің жанындағы шарбақ артында тірі ағаштар кесіліп жатыр», - дейді тұрғындар.
Бұл жағдайға Ақтау қаласы әкімдігі түсініктеме берді. Әкімдіктің баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, аталған ағаштардың жартысы қурап қалған. Сондықтан тұрғындардың өтініші бойынша ағаштар кесілген. Оған дәлел ретінде бейнеролик ұсынды.