1995 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің №2541 Жарлығымен 19 қазан Төтенше жағдай қызметі құрылды.
Бүгінде облыстың Төтенше жағдайлар департаменті табиғи және техногенді төтенше жағдайлардың алдын алу, аумақтық және ғаламдық төтенше жағдайларды жою, азаматтық қорғау іс-шараларды ұйымдастыру, облыстағы нысандардың өрт қауіпсіздігі жағдайына мемлекеттік бақылау жүргізу бойынша тапсырмаларды орындап жатыр.
Ерлік, батырлық, жүректілік, әртүрлі апаттармен күресу әрі адам өмірін құтқаруға дайындық, мұның бәрі де – Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің ерекше қасиеті.
Күн сайын, сағат сайын біз істеп жатқан жұмыстың маңыздылығын бүгінгі күні бір ауыз сөзбен бағалау қиын. Әрбір қызметкер тұрғындардың тыныштығын қамтамасыз ету үшін шақырылады. Яғни өндірістегі және тұрмыстағы қауіпсіздік, техногенді және табиғи төтенше жағдайларды жою және болдырмауға атсалысады.
Биыл ел Тәуелсіздіктің 30 жылдығын тойлайды. Еліміздің Тәуелсіздігі жылдары қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін күндіз, түнде ең жауапты және қиын жерлерде, қоғамдық, мемлекетті табиғи және техногенді төтенше жағдайлардарда қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары аянбай еңбек етті. Төтенше жағдайдан көптеген адам өмірі құтқарылды.
Өрт сөндіруші тек мамандық болғаны үшін ғана мақтанбауы керек. Мамандықтағы шеберлігіңізбен, өз мамандығына деген сүйіспеншілігіңізбен мақтану керек. Өрт сөндіруші мамандығы ең алдымен батылдық пен мейірімділіктен басталады.
Осы мерекелік күні барлық ТЖ қызметінің ардагерлері мен қызметкерлеріне, олардың туысқандарына және жақындарына зор денсаулық, жанұясына саулық, бейбітшілік, бұлтсыз аспан, жан-тәніне сергектік, жанының қартаймауын тілеймін. Жастарға лайықты үлгі болайық, төтенше жағдайлар аз болсын және Отанымыздың қауіпсіздігі үшін жасалып жатқан игі ісімізге сәттілік.
Құрметпен, Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар
департаментінің бастығы, подполковник
Мұрат Сейтмолдаұлы Мұханов