Маңғыстау облысына Қазақстанның энергетика саласына еңбегі сіңген ардагер Жетібай Отарбаев сапарлап келді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Еңбек жолын энергетика саласына арнаған Жетібай ағаның өмірі жас ұрпаққа өнеге. Ол өзі еңбек еткен саланың даму жолын, қиындығы мен қыр-сырын жатқа білетін адам. Атақты Виктор Карлович Шмидтің төл шәкірті.
Жетібай Отарбаев жұмысын 4 разрядты электромонтер жұмысынан бастаған. Себебі, жұмыстың оңайы болмайды, кез келген жұмыс арқылы өмірлік тәжірибе жинақталады, дейді ол. 46 жылдық еңбек өтілі барысында ол энергетика саласындағы түрлі басшылық қызметтерді атқарды.
Қазақстан энергетикасының дамуы барысында тынымсыз еңбек етіп, өлшеусіз үлес қосқан ақсақалға «Маңғыстау Медиа» ЖШС басшысы Айсұлу Қабышқызы ықылас білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.