20 қыркүйектегі жағдай бойынша Маңғыстау облысы өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша «сары» аймаққа өтті. Бұл туралы Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек Жұмыров мәлім етті.
«Маңғыстау облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді. 19 қыркүйектегі нәтижеге сәйкес бір тәулікте 133 адам емделіп шықты. Сонымен қатар бүгінгі күні өңірде 152 мың 775 адам вакцина алды. Қазіргі таңда станционарда 209 науқас жатыр, оның 16-ы балалар», деді басқарма басшысы.
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары;
«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Маңғыстау, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары;
«Жасыл» аймақта: Түркістан, Жамбыл облыстары.