Маңғыстау облысында фактчекинг және ақпаратты тексеру үшін Telegram каналы іске қосылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
"STOPfake Mangystau" Telegram каналының міндеті - әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратылатын жалған ақпаратты талдау және тексеру.
Бұл ақпараттық арнада әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратылатын жалған ақпараттар мұқият талдау мен факт-чекингтен өтіп жарияланатын болады. Ақпараттың дұрыстығын тексеру үшін тұрғындар "STOPfake Mangystau" арнасын пайдалана алады. Ол үшін ол "Telegram" қосымшасы арқылы ақпараттық арнаға тіркелуі тиіс.
"STOPfakeMangystau" телеграм-арнасына сілтеме: https://t.me/stopfakemangystau
Егер қандай да бір ақпарат күмән тудырса, кез келген тұрғын Telegram бот- қа осы сілтеме бойынша өтінім жіберу арқылы ақпараттың дұрыстығын тексере алады: https://t.me/stop_fake_mangystau_bot