Бүгін Ақтауда Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін насихаттауға арналған «Ұлттың ұйысуы – одан әрі дамудың басты факторы» тақырыбында республикалық лекториум өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Пленарлық отырысқа Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері мен өңірлік этномәдени бірлестіктерінің төрағалары қатысты.
Жиында Қазақстан халқы Ассамблеясының Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын жүзеге асыруға мәселелері, сондай-ақ қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін одан әрі нығайту жөніндегі шаралар талқыланады.
Облыс әкімі Тәуелсіздіктің бастау алған ең қиын жылдарында Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қарымды қайраткерлігі нәтижесінде елімізде этносаралық сыйластық пен қоғамдық келісім тұрақты түрде сақталғанын атап өтті.
"Бірлік пен ынтымақтастық-біздің мемлекетіміз бен егемендігіміздің өзегі, бейбітшілік пен достығымыздың сақтаушысы, Отанымыздың тірегі", - деді өңір басшысы.
Жуырда Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық этномәдени бірлестіктердің басшыларымен кездесіп, достық пен келісімді нығайтуға бағытталған жұмыстарына табыс тіледі.
Сонымен қатар Марат Әзілханов бірқатар мамандарды Алғыс хаттармен марапаттады.
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН