«Алматы-2 – Маңғыстау» жолаушылар пойызының локомотиві және 13 вагонына зақым келді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
"Кеше Ақтөбе бөлімшесінің Шоқысу станциясында жүк пойызының 26-шы вагонына тиелген кран жебесінің конструкциясы қозғалып кетіп, көрші жолдағы жолаушылар пойызының локомитиві мен вагондарын сырып өткен. Атап айтқанда №77 "Алматы-2 – Маңғыстау" жолаушылар пойызы локомотивінің шанағы сырылып, буферлік шамы бүлінсе, 13 вагонға түрлі зиян келтірілді. Соның ішінде 2 вагонда терезелер сынған, 2 вагонда тұтқалар жұлынған", делінген "Қазақстан темір жолы "ҰК"АҚ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жолаушылар пойызы 17 минуттық кідірістен соң қайта жолға шықты.
Осы жағдай бойынша тергеу жүргізілуде.