Соңғы тәулікте Маңғыстау облысында коронавирус сырқатынан 227 адам емделіп шықты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
3 қыркүйектен бастап бүгінгі күнге дейін 1 761 маңғыстаулық сырқатынан жазылып шықты.
Қазіргі уақытта стационарларда 365 науқас емделіп жатыр. Өткен тәулікте 183 адамнан коронавирус анықталды. Өкінішке қарай, 10 адам қайтыс болды.