13 қыркүйек күні Маңғыстау облысында магистралды газ құбырының «Бейнеу-Жаңаөзен» бөлігінде жоспарлы жөндеу жұмыстары басталады. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Құбырлардың тозығы жеткендіктен, оларды ауыстыру қажеттілігі туындады. «Окарем-Бейнеу» магистралды газ құбырында күрделі жөндеу жұмыстары 14 күнге созылады.
Аталған жөндеу жұмыстары тұрғындарға еш әсерін тигізбейді. Ақтау қаласы тұтынушыларына, оның ішінде «МАЭК-ҚазАтомӨндірісі» ЖШС-не қажетті табиғи газ Түрікменстан Республикасы тарапынан «Бегдаш» өлшем торабы арқылы қамтамасыз етіледі.