Кеше Батыс Қазақстан облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов және Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов, «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы негізінде өзара ынтымақтастықты дамыту мақсатында Меморандумға қол қойды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл Меморандумның негізгі мақсаты – аймақаралық ынтымақтастықты дамыту, өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Меморандум аясында біршама келісімдерге қол қойылды. Бастысы мал азығын дайындау бағытындағы жұмыстар жасалады. Осы бағытта Маңғыстау облысы əкімінің орынбасары Ғалымжан Мұқырұлы Орал қаласындағы бірнеше шаруа қожалықтарды аралап элеватор жұмыстарымен танысты. Маңғыстаулық делегация Орал қаласындағы "Желаев нан өнімдері" АҚ-ның жəне "Белес" элеватор жұмыстарымен танысты. Бұл жерде кебектің бағасы 67.7 теңгеден сатылуда. Бұл баға кебек алушылар үшін зор қолдау.
Маңғыстау облысының өкілдерімен кездесуге "Каспий" ƏƏҚ басқарма төрағасының орынбасары Көмек Тастеміров жəне "Желаев нан өнімдері" АҚ-ның директоры Алмагүл Хамитова, "Белес" элеватор директоры Талғат Кубаев та қатысты.
Батыс Қазақстандағы кездесулер тағы да жалғасады.