Маңғыстау облысының әкімі С.Трұмов Ақтаудағы инфекциялық ауруханалардың жай-күйімен танысты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бүгінде облыста қауіпті індетпен 1893 адам ауырып жатыр. Олардың 1453-і үйінде, қалған 440 науқас облыстағы стационарларда ем қабылдауда.
Облыстық аурухананың инфекциялық модульды бөлімшесінің 66 пайызы науқасқа толған. 33 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Өңірдегі ауыр халдегі науқастар осы модульды стационарда емделуде.
Қазір Ақтаудағы 1-ші шағын ауданда орналасқан ауруханаға (бұрынғы перзентхана ғимаратына) қосымша төсек қойылып, провизор орталығын кеңейтіп, науқас қабылдауға дайындау жұмыстары басталды.
Дәрігерлер коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының күн санап көбейіп жатқанын айтуда.
Соңғы тәулікте 180 адамнан аталған инфекция табылған. Екі адам көз жұмды. Мәселен, соңғы бір күнде ауруханалардан 35 адам емделіп шықса, 69 науқас қауіпті індетпен түскен. Байқағандарыңыздай, науқастар саны екі есе артып отыр.
Мән-жаймен танысқан облыс әкімі жауапты азаматтарға бірқатар тапсырма жүктеп, науқастарға дер кезінде көмек көрсетудің және аман алып қалудың маңызды екенін айтты.