Кеше Астана күніне орай Ақтауда «Жасай бер, жайна Астанам» атты жүрмелі концерт ұйымдастырылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Мерекелік шара Ақтау қаласының әкімдігі мен облыстық мәдениет басқармасының ұйытқы болуымен өтті. Мерекеге сай безендіріліп, сахна қойылған жүк көліктерінің үстінде жергілікті өнерпаздар ән шырқады.
Әншілер мінген көлік кешке М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының алдынан бастау алып, қаланың барлық орталық көшелерімен жүріп өтті. Елорда жайында тамаша әндермен қатар, туған ел, Отан туралы толғаулар орындалды.