Екі ай бұрын Түпқараған ауданында ірі құс фабрикасы іске қосылған болатын. Бройлерден шыққан балапандардың алғашқы легі өсіріліп, жақында құс сою жұмысы басталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жақында «Каспий құс» бренд атауымен ұсынылатын құс еті өнімдерінің алғашқы партиясы сатылымға шығарылады. Облыстың ірі сауда желілерінде сатылады, делінген облыс әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
«Ақтау агро» құс фабрикасы жылына 5 мың тонна құс етін өндіреді. Маңғыстау облысының жылына шамамен 11,5 мың тонна құс етін тұтынатынын ескерсек, жартысына жуығын қамтуға мүмкіндік туады. Бройлерден шыққан «Актау агро» ЖШС екі бағытта жұмыс істейді:
- құс етін өндіру;
- құстар мен малға арналған түйірленген құрама жем өндіру.
«Актау агро» құрылымына 4 цех кіреді:
- құс бағуға арналған цех;
- 30 мың бас құс сиятын цех;
- қуаттылығы сағатына 2 мың бас құс соятын цех;
- сағатына 10 мың тонна құрама жем шығаратын зауыты.