Маңғыстау өңірінің "қызыл аймаққа" өтуіне және облыстық Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына байланысты Ақтау қаласы әкімдігінің мониторингтік тобы өз жұмысын күшейтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
6 шілде күні қала аумағындағы кәсіпкерлік нысандарының санитарлық нормаларды сақтауына мониторинг жүргізілді. Барлығы 13 нысан тексеріліп, 2 нысанда санитарлық нормалардың бұзылуы анықталды ("АйӘділ" мейрамханасы, "Дина" гипермаркеті).
Нәтижесінде эпидемияға қарсы нормаларды бұзу туралы актілер толтырылды.
Өңірде коронавирустық инфекцияның қайта өршігенін және ахуалдың нашарлағанын хабарлай отырып, қала тұрғындарынан эпидемияға қарсы талаптарды бұзбауды сұраймыз. Сондай-ақ, әлеуметтік жауапкершілік танытып, екпе алуға шақырамыз, делінген Ақтау қаласы әкімдігінің хабарламасында.