Маңғыстауда облысында кеше 104 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ақтау - 45,
Мұнайлы - 31,
Маңғыстау - 4,
Түпкараган - 6,
Қарақия - 10,
Бейнеу - 4,
Жаңаөзен – 4.
Ауруханаға соңғы тәулікте 31 науқас түскен. Үш адам қауіпті вирустан қайтыс болды. Жалпы облыстағы стационарларда осы диагнозбен 317 адам жатыр. Оның 24-і ауыр, 9-ы өте ауыр халде. Ал 1 038 адам үйінде оқшауланып, амбулаториялық ем қабылдауда. Дәрігерлер қауіпті індеттен сақтанудың бір ғана жолы коронавирусқа қарсы екпе алу екенін айтады.
Айта кетейік, бүгін 7 шілдеден бастап өңірде карантин талаптары күшейтілді.