Осыдан тура бір жыл бұрын Ақтау гарнизоны теңіз жаяу әскерінің гвардиялық бригадасына әскери борышын өтеуге келген сарбаздардың отбасына оралатын сәті келді. Олар жыл ішінде өздерінің азаматтық борыштарын маңғаз Маңғыстаудың жазық далаларының төсінде, құмның ішінде өтті. Бұл үшін сарбаздарға осы жердің аптап ыстығы да кедергі бола алған жоқ.
Теңіз жаяу әскерлерінің қатарында Отан алдындағы борышын өткерген 600-ден астам сарбаз бірін-бірі қимай қоштасты. Осы аралықта олар «Алтын жебе - 2021», «Қалқан – 2021» сияқты көптеген әскери оқу-жаттығуларға қатысып, мол тәжірибе жинады.
- Бір жыл көзді ашып-жұмғанша, тез өтіп кетті. Әскери борышымды Маңғыстау жерінде өтедім. Ер-азамат болған соң Отанды қорғау – парызым деп білемін, - деді Қостанайдан келген қатардағы жауынгер Серікболсын Әбіқан.
Отан алдындағы анттарына адал болғандары үшін олар бөлім командандирінің атынан алғыс хатпен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Бір жыл бойы Отанын адал қорғаған азаматтар алдағы уақытта да еліміздің өркендеуі мен өсуі жолында аянбай еңбек етеді деп сенеміз.